19 наурызда

Мұхтар

Тайжанға

дауыс бер

№5 округ АлматыБостандық, Медеу, Наурызбай аудандары

Мұхтар Тайжан

Сөзімде тұрамын

19 наурызда

Мұхтар

Тайжанға

дауыс бер

№5 округ: АлматыБостандық, Медеу, Наурызбай аудандары

Мұхтар Тайжан

Сөзімде тұрамын

Мәжіліс депутатына кандидат Мұхтар Тайжанның бағдарламасы:

Алдымен билік тармақтарын дұрыс бөлу керек. Президент билігі атқарушы билік шекарасымен шектеліп, ол тек үкіметті басқарады. Премьер-министр деген лауазым жойылады. Сенатты таратып, мәжіліс депутатының саны 300-ге дейін ұлғаяды – жартысы пропорционал, екінші жартысы мажоритар жүйе бойынша таңдалады. Барлық судьяны халық сайлайды. Сот төрағаларының лауазымы жойылады. Судьялар шенді-шекпенді емес, заң алдында ғана жауап береді

Халық барлық әкім мен мәслихатты тікелей дауыс беру арқылы таңдасын. Сайлау комиссиялары мен бюллетень толтырып, дауыс санау жойылады. Сайлауды әділ әрі ашық өткізу үшін eGOv, Kaspi, HomeBank және басқа да қосымшаларды пайдаланамыз.

Олигархтар заңсыз жолмен шетелге алып қашқан капиталды елге қайтарамыз. Осы заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуды жылдамдату қажет. Оны Қазақстанның ішінен бастаймыз, Назарбаев отбасы мүшелері мен жақын достарына қарсы қылмыстық іс қозғау қажет. Жаңа президенттің олигарх-туысқандары пайда болуына жол бермеу керек.  Биліктегі адамдардың ауысқаны емес, олигархиялық жүйенің жойылғаны керек.

Самұрық-Қазына, Бәйтерек сияқты квазимемлекеттік компанияларды тарату қажет. Мыңдаған квазимемлекеттік компания жыл сайын Қазақстан экономикасына орасан зор зиян тигізеді, жеке шағын және орта бизнестің дамуын тежейді әрі жаңа жұмыс орындарын құруға кедергі келтіреді. Бұл компанияларды жемқорлық жаулаған, ал мемлекетке тиесілі дивидендтер төленбейді

Саяси тұтқындарды босатқанда, саяси белсенді азаматтарға қызым азайғанда ғана саяси реформалар басталады. Саяси тұтқындар бостандыққа шықса, саяси эмигранттар елге оралса,  елдегі ахуал өзгереді.

Жер қойнауын пайдалану саласында мәселе бар. Қазба байлықтан түскен табыс белгілі бір тұлғалардың қалтасында кетпей, халықтың қажетіне жұмсалуы керек.  Жемқорлық арқылы әлдебіреулер меншігіне өтіп кеткен жерді мемлекетке қайтару қажет. Жерді меншікке беру, оны дұрыс пайдаланып жатқанын ғарыштан және цифрлық технологиялар арқылы бақылауға аламыз.

Қаңтар оқиғасы әділ әрі ашық тергелмеді, халық оқиғаның мән-жайынан әлі де хабарсыз отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына осы оқиғаға қатысты жағдайды зерттеуге кедергі жасамау қажет. Заңсыз жала жабылғандар ақталуы керек

Алматыдағы нығыз құрылысқа жедел тыйым салу қажет. Түркияда болған жер сілкінісінен сабақ алғанымыз абзал. Құрылыс сапасын қатаң тексеріп, жаңа нысан салуға рұқсат беру "қоғам талқысы" арқылы онлайн шешілсін. Қаланы жоспарлайтын мекеме сейсмикалық қауіпті аймақтар картасын жасауы керек. Салынған үйлердің сейможағдайын дереу тексеріп, нәтижесін халық назарына ұсыну қажет. Алматыдағы құрылысқа қатысты жаңа стандарттар бекіту керек.

Алматы ауасының ластануына тек автокөліктер емес жылу электр орталықтары да кінәлі. ЖЭО мен жеке секторды мемлекет бюджеті арқылы жедел түрде газға көшіру керек. Алматы ауасын ластаған, көптің кереғар пікірін туғызған жылу электр орталықтарын газға көшіруді ұзақ күтудің қажеті жоқ!

2010 жылы кеден одағына, 2014 жылы Еуразия экономикалық одағына кіру қателік әрі сатқындық болды. Салдарын қазір көріп отырмыз. Азық-түлік пен тұрмысқа қажет өнімдер қымбат, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыздық белең алған, адамдар ескі-құсқы көлікпен жүруге мәжбүр. Қазақстан ТМД-дағы еркін сауда аймағында отырып-ақ басқа елдермен тиімді бизнес жасай алатын еді.
Еуразия экономикалық одағы мен бірыңғай экономикалық кеңiстiк құру Қазақстан тәуелсiздiгi мен экономикалық мүддесіне тек залал келтірді. Сондықтан мұндай тиімсіз одақтан шығу қажет.

Президент билігі орнына

Парламент билігі орнайды

Назарбаевтың ескі адамдарының орнына

Жаңа адамдар келеді

Әкімді ешкім тағайындамайды

Әкімді халық сайлайды

Олигархтар байымайды

Халық бай болады

Мұхтар Тайжан

Мұхтар ТАЙЖАН

Алматы тұрғыны. Экономист, бизнесмен. Назарбаевтың ескі жүйесіне қатысы жоқ тәжірибелі саясаткер. Даулы мәселелерде халықты жақтаған белсенді. ​

Президент билігі орнына

Парламент билігі орнайды

Назарбаевтың ескі адамдарының орнына

Жаңа адамдар келеді

Әкімді ешкім тағайындамайды

Әкімді халық сайлайды

Олигархтар байымайды

Халық бай болады

Мұхтар Тайжан

Мұхтар ТАЙЖАН

Алматы тұрғыны. Экономист, бизнесмен. Назарбаевтың ескі жүйесіне қатысы жоқ тәжірибелі саясаткер. Даулы мәселелерде халықты жақтаған белсенді. ​

Сенің қолдауың маңыздыөте маңызды

Біздің командаға қосылып, штаб жұмысына үлесіңді қос!

Сұқбаттар

Байланыс

Қазақстанда қалыптасқан тиімсіз жүйені өзгертіп, Алматыда қордаланған мәселелерді бірге шешейік. Іске кірісейік!

Штаб

Алматы қаласы, Огородная көшесі, 10 үйдің 4-қабатында орналасқан.

+7 771 765 78 16

Мұхтар Тайжан. Барлық құқықтар қорғалған